top of page

ӨЗІМ ТУРАЛЫ

   Мен, Шукеева Бақыт Советқызы 1960 жылы 1-мамырда Шырайлы Шығыстың Күршім ауданы Маралиха ауылында тудым. Сұлулығына көзің тоймайтын табиғат аясында, мөлдір де, салқын суларына шомылып бой түзеп, биік тауларына шығып, асқақ армандарға елтіп, балалық шағымды өткіздім. Ауылымыздың 10 жылдық аралас орта мектебін 1977 жылы бітірдім. Сол мектептің білімді, парасатты, өз істеріне адал ұстаздарына ұқсап педагог болсам деген арманмен, Өскемен педагогикалық  институтының орыс тілі мен әдебиеті  факультетіне түсіп, бітірдім. 1989 жылы өз ана тіліміз мемлекеттік мәртебесін алған жылдардан бастап,  мемлекеттік тілдің шын жанашыры ретінде  қазақ тілі мен әдебиеті факультетінде оқып білім алып, бүгінгі күнге дейін осы мамандықта еңбек етіп келемін. Отбасымда жұбайым, екі қызым, бір немерем бар.

Білімі

Менің мақсатым

Бітірген оқу орны:

1979-1984 жж. - Өскемен педагогикалық институты, Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі

 

1999-2001жж. - Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық институты, Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

 

Жұмыс орны: Шығыс Қазақстан

лингвистикалық орталығы

 

Қызметі:  оқытушы

 

Білімі: жоғары

 

Санаты: жоғары

 

Еңбек өтілі:  39 жыл

 

Педагогикалық өтілі: 33 жыл

Шығыс Қазақстан лингвистикалық

орталығының ғылыми - әдістемелік бірлестігінің тақырыбы:

 

“Мемлекеттік тілді мемлекеттік қызметшілерге, ересектерге, жеке тұлғаларға бастапқы, базалық, жоғары деңгейлерде коммуникативтік бағдарлы оқыту”

Менің өзекті тақырыбым:

 

Ересектерге  қазақ тілін оқытуда ақпараттық –коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы, қарым-қатынастық сөйлеу дағдыларын қалыптастыру

Қазақ  тілінің қолдану  аясын  дамытуға үлес қосу

Тіл үйрету барысында озық технологияларды тиімді пайдаланып, іс-тәжірибеде қолдану

bottom of page